«Семей полигонының жабылғанына - 30 жыл» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Семей полигонының жабылғанына - 30 жыл» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
25
март
2022

«Семей полигонының жабылғанына - 30 жыл» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

25.03.2022 жылы N196  жалпы білім беретін мектептің  
кітапханасында  «Семей  полигонының  жабылғанына - 30 жыл» тақырыбында  көрме  ұйымдастырылды.
Мақсаты:  Оқушыларды  кітап  оқуға жүйелі түрде тарта  отырып,  рухани - адамгершілік  қасиеттерін дамыту. Оқырман санын көбейту.
 Көрмеге  9 -сынып  оқушылары  қатысты.Оларға   полигонның  зардаптары  туралы  қысқаша  мағлұмат  берілді. Семей  ядролық  полигонындағы  сынақтардың  жалпы саны - 456 .Семей полигоны олардың 116 - сы ашық болды, яғни,  әуе  кеңістігінде жасалды. Атом  бомбаларының  жарылыстары  ауыр болды. 500 мыңдай  адам осы сынақтан  азап  шекті. Ядролық  сынақ  төңірегінде тұратын  адамдарға, табиғатқа  алапат  зиянын  тигізді. 
Кітапхана көрмесінде  пайдаланылған  кітаптар:
1." Тәуелсіздік шежіресі " Жұматаев Е. 
 2. "Избранные речи"  Н.А.Назарбаев
 3. "Әлем  Қазақстан  туралы" М.Жолдасбеков  
 4. "Бейбітшілік  пен  жасампаздыққа"  Көсемова Ақлима 
 5. "Основатель  независимого  государства  Нурсултан  Назарбаев"
 6. "Қазақ  энциклопедиясы"  2010 ж.
 7. "Қазақ энциклопедиясы"    2014 ж.  
Кітап  оқитын  адам - табысты  адам. Кітап - еңбек  құралы,  ол адамдарды  басқа  адамдардың  өмірімен  және  күресімен  таныстырады.   Олардың  сезімдерін, олардың  ойларын,  таланттарын түсінуге  мүмкіндік  береді. Барлығы - 11 көркем әдебиет  оқуға  алынды. 
Жауапты :  кітапханашы                       Бейсебекова М.С.