01
апрель
2022
"Парасат " дебат клубы.
01.04.2022 жыл.Біздің жетістіктер. Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің "Парасат " дебат клубының оқушылары Алматы қаласы Білім басқармасының " Алматы дарыны дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы" дебат үйлестірушілері мен жетекшілер арасында "Сұңғыла сөз" атты қалалық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.Турнирге "Парасат " дебат клубының координаторы Серікхалиқызы Айжан қатысып, ІІІ орынды иеленді. Пікірсайыстың мақсаты:
азаматтардың Қазақстандық патриотизм мен ұлттық құндылықтарына жанашырлығын ояту, туған өлкенің ұлттық дәстүрін бағалау,құрметтеуге баулу, республикалық пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау. Жүлделі орын алған "Парасат " дебат клубының координаторы Серікхалиқызы Айжанды жеңісімен құттықтаймыз!