Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен қалалық тренинг өтті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен қалалық тренинг өтті.
06
октябрь
2021

Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен қалалық тренинг өтті.

06.10.2021 жылы Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту  мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен қалалық тренинг өтті. Тренингтің  тақырыбы: «Дебат: Бастау» Сыни тұрғыдан ойлауды, дәлелдеу дағдыларын дамыту, пікірталас тақырыптарын талдау және пікірсайыс клубын жүргізу мақсатында өткен қалалық тренингке аудан мектептері қатысты.   N196 жалпы білім беретін мектеп жанында ашылған "ПАРАСАТ' дебат клубының жетекшісі  Серихалиқызы Айжан осы клубтың мүшесі, 9-сынып оқушысы Ахмет Дінмұхамбетпен бірге тренингке қатысып, белсенділік көрсетті. Қоғамның дамуы,  жастардың болшағына деген сенімді көзқарастың қалыптасуы  және  осыған орай жастар арасындағы қызығушылықтар мен бейімділікке дұрыс бағдар ұсыну, оның еліміз үшін тиімділігін көрсету, жастарды ұлтжанды әрі білімді етіп тәрбиелеу қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Еліміздің өркендеуі жастардың білімді әрі тәрбиелі болуымен және олардың бойында қалыптасқан рухани, ұлттық әрі ізгілікті қасиеттерінің дәрежесіне қарай жүзеге асатыны тренинг барысында айтылды.Іс-шара  соңында жетекшілер мен қатысушыларға тренингті аяқтағаны туралы сертификат берілді.

                  https://www.facebook.com/100025697012822/videos/231631312342303/