"15 сәуір-Ғашықтар күні" » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "15 сәуір-Ғашықтар күні"
12
апрель
2022

"15 сәуір-Ғашықтар күні"

12.04.2022 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектепте 
8"А" және 9"А" сынып оқушылары арасында "15 сәуір-Ғашықтар  күні" мерекесіне орай  мектепішілік "Қозы Көрпеш- Баян сұлу " байқауы ұйымдастырылды. Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың   кіршіксіз махаббат символын  насихаттау,жастарды махаббатты қадірлеуге,құрмет көрсетуге шақыру, атадан балаға мирас  болып келе жатқан халқымыздың ұлттық құндылықтары  мен салт-дәстүрін, тарихын дәріптей отырып,мәдениетімізді  жаңаша үлгіде жаңғырту мақсатында өтті. Байқаудың қазылар алқасы құрамында болған  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары К.Р.Джанузакова, Ж.Б. Амангельдинова, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Э.С. Молбаева оқушылардың өнерін бағалап, төмендегідей орын тағайындады:
Бас жүлде- 8"А"сынып оқушылары Ханаев Полат пен Ерғалиқызы Дариға 
І орын-  Бейбітқызы Жанель
Бас жүлде алған 8"А" сынып оқушылары аудандық байқауға қатысуға жолдама алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Ұйымдастырушылар:
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Р Джанузакова.