"Сыңғырла, күміс қоңырау!" атты оқу жылының аяқталу салтанаты өтті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сыңғырла, күміс қоңырау!" атты оқу жылының аяқталу салтанаты өтті.
25
май
2022

"Сыңғырла, күміс қоңырау!" атты оқу жылының аяқталу салтанаты өтті.

25 мамыр  2022 жылы, сағат: 9.00-де №196 жалпы білім беретін мектепте "Сыңғырла, күміс  қоңырау!" атты  оқу жылының аяқталу салтанаты өтті.
Соңғы қоңырауда мектеп директоры Г.Ж.Буркитбаева  қатысып, оқушыларға сәттілік тілеп оқу жылының аман-есен аяқталуымен құттықтады. 
Мектеп бітіруші түлектерді ардагер ұстаз Белгожанова Асемхан Нусиповна , ата -ана  Успанова Гулнара Кумаровна  және Емильхан ата  батасын беріп, сәт сапар тіледі.
Мектеп бітіруші түлектеріміз өнерлерін ортаға салып, қимастық сезіммен алтын ұя мектебімен  қоштасып, үлкен  өмірге зор  сеніммен қадам басты.Соңғы қоңырау – қуаныш пен қимастық қатар жүретін мереке. Мектеп бітіруші түлектердің  білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, отансүйгіштік рухтары мықты болып шыққанына сенімдіміз.  Асқар шыңдарды бағындырып, болашаққа нық қадам басыңдар!
Мектеп бітіруші түлектерімізге сәттілік тілейміз!