04.10.2021 жылы №196 жалпы білім беретін мектепте «Ұстаздың жанған жүрегі» атты эссе жазу іс-шарасы өтті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 04.10.2021 жылы №196 жалпы білім беретін мектепте «Ұстаздың жанған жүрегі» атты эссе жазу іс-шарасы өтті.
04
октябрь
2021

04.10.2021 жылы №196 жалпы білім беретін мектепте «Ұстаздың жанған жүрегі» атты эссе жазу іс-шарасы өтті.

04.10.2021 жылы №196 жалпы білім беретін  мектепте «Ұстаздың жанған жүрегі»  атты эссе жазу іс-шарасы  өтті. Шәкірттерін    адамгершілік  пен  өз  елін  сүйетін  ұлтжандылық қасиетін  қалыптастырып,оны бар  асылындай қадірлей  білетін және өткенін  бағалап, болашағына  зор сеніммен қарай білетіндей етіп   ең жақсы қасиеттерді  үйретіп, әрдайым оқушыларымен  бірге  болып, оларды  тек  қана алға  жетелеуді  мақсат  еткен  ұстаздарына арнап  жас жеткіншектер эссе жазды. Ұстазына деген құрмет пен сүйіспеншіліктерін қағаз бетіне зор тебіреніспен түсірген  шәкірттер  эссе жазуда  шығармашылық қабілетін шыңдап, ой жүйелілігін реттеп, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін таңдай біліп, жазу стилін сақтап,  шығармашылық жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыту шеберлігін шыңдауға бағыттау мақсатында және жылдар бойы білім нәрімен сусындатып,бала жүрегіне жол таба  білген  ұстаздарына арнап  эссе жазу ұйымдастырылды.Әр эсседе үлкен өмірге бағыттаған апайларына деген шәкірттерінің ыстық ықыласы есіп тұрды.  Өздері  тәрбиелеп шығарған балаларының  құрметіне бөленіп жүре беруді, қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздық өмірдің  тек жемісін көруді  тілеген  мектеп оқушыларының жазба жұмысы әсерлі болды.