№196 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі "Мектепке жол " акциясына байланысты ақпараттық стенд дайындап, рейд жұмыстарын жүргізіп, акцияның жұмысын көрсетуді бастап кетті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №196 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі "Мектепке жол " акциясына байланысты ақпараттық стенд дайындап, рейд жұмыстарын жүргізіп, акцияның жұмысын көрсетуді бастап кетті.
01
август
2022

№196 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі "Мектепке жол " акциясына байланысты ақпараттық стенд дайындап, рейд жұмыстарын жүргізіп, акцияның жұмысын көрсетуді бастап кетті.

01.08.2022 жыл. №196 жалпы білім беретін мектеп әкімшілігі "Мектепке жол " акциясына  байланысты  ақпараттық стенд дайындап, рейд жұмыстарын жүргізіп, акцияның жұмысын көрсетуді бастап кетті.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын «Мектепке жол» акциясы биыл "Балалар жылы" аясында да өз жалғасын табуда.
Бұл акция 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Акцияның негізгі мақсаты –аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету. Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі – барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту.Қайырымдылық акциясы барысында мұқтаж балаларға қажет мектеп формасы, спорт киімдері мен мектепке қажеттi оқу құралдар табыс етіледі. «Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша барлық сұрақтарымен ата-аналар бала білім алатын мектепке  хабарласуына болады.
"Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі.  Қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу- әрбір адамның азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасып, «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» ұранымен өткізіледі.
Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсеткісі келетін жомарт жандар, кәсіпкерлер  тұрғылықты жері бойынша білім беру бөліміне немесе тікелей мектептің  жедел желісіне хабарласа алады.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.Құрметті қала тұрғындары! Сіздерді "Мектепке жол " акциясына белсене қатысуға шақырамыз!


https://www.facebook.com/100025697012822/videos/1505845463203742/