Қамқорлық акциясы » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қамқорлық акциясы
02
февраль
2019

Қамқорлық акциясы


         Қаңтар айында «Жалпыға бірдей міндетті білім беру» айлығы аясында өткізілетін бүкіл Республикалық «Қамқорлық» акциясы Алматы қаласы, Алатау ауданы № 196 ЖББ мектепте де бастау алды.  Айлықтың жүйелі әрі сапалы өтуіне мектеп басшысы Кабдуллина Гүлнар Зейтеновна, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б. Мухамедсадыкова   мұрындық болды.  Бұл акцияның негізгі мақсаты-күнкөрісі төмен, көпбалалы, жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету болып табылады. Сонымен қатар, тұрмыс жағдайына байланысты мектепке баруға мүмкіндігі жоқ балаларға жәрдем беру. Ең алдымен, акция жоспары жасалынды. Барлық іс-шаралар осы жоспардың негізінде өткізілуде.

  Акция аясында  «Рахат» ықшамауданының тұрғындарына арналған                 «Мейірімділік –жүректен» атты үндеу қағаздары ілініп, таратылды. Осы үндеу барысында демеушілік көрсеткен ата-ана Маллерова Ш. аз қамтылған отбасы балаларына 140000 теңгеге қыстық курткалар, Арсмаза Ф. 240000 теңгеге 24 балаға мектеп  формасын  алып берді.  

  -Менің көмек көрсеткендегі мақсатым- өскелең ұрпақтың жүректеріне титімдей болса да қайырымдылық пен ізгілік дәнін сеуіп, оларға қуаныш сыйлау-дейді олар.

  Шағын аудан бойынша ірі кәсіпорындар жоқ болғандықтан, демеушілер табу қиындықтар тудырады. Сондықтан да, көмек қолын созған ата-аналарға мектеп оқушыларының, мектеп ұжымының алғысы шексіз.

Қазіргі таңда акция әлі де жалғасын табуда. Оған кәсіпкерлер де үлесін қосады деген сенімдеміз. 


















«№196 ЖББМ» КММ бойынша «Қамқорлық» акциясының қорытындысы


Қаңтар айында «Жалпыға бірдей міндетті білім беру» айлығы аясында өткізілетін бүкіл Республикалық «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылды. \Бұл акцияның негізгі мақсаты-күнкөрісі төмен, көпбалалы, жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету болып табылады. Сонымен қатар, тұрмыс жағдайына байланысты мектепке баруға мүмкіндігі жоқ балаларға жәрдем беру. Ең алдымен, акция жоспары жасалынды. Барлық іс-шаралар осы жоспардың негізінде өткізілуде.

  Акция аясында  «Рахат» ықшамауданының тұрғындарына арналған                 «Мейірімділік –жүректен» атты үндеу қағаздары ілініп, таратылды. Осы үндеу барысында демеушілік көрсеткен ата-ана Маллерова Ш. аз қамтылған отбасы балаларына 85000 теңгеге киімдер, атап айтқанда сырт киімдер, мектеп формасы, шалбар мен  көйлек, етіктер алып берді.

  Көмек көрсетілген оқушылар тізімі:

  1. Мамедов Бахтияр
  2. Мамедова Бахар
  3. Мамедова Диана
  4. Адылхан Гүлназ
  5. Адылхан Азамат
  6. Жақсыбек Маржан
  7. Жақсыбек Ұлдана
  8. Жақсыбек Сымбат