құқық бұзушылықтың алдын алу туралы түсіндірме жұмысы » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » құқық бұзушылықтың алдын алу туралы түсіндірме жұмысы
03
сентябрь
2022

құқық бұзушылықтың алдын алу туралы түсіндірме жұмысы

03.09.2022 жыл. АПТА ТЫНЫСЫ.
Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 9-10 сынып оқушыларына 01.09. күні  Алатау аудандық полиция басқармасы, Тергеу бөлімінің тергеушісі полиция лейтенанты Ардаққызы Шуақ  келіп,  құқық бұзушылықтың алдын алу туралы дәріс өткізді.  Бұл түсіндірме жұмысында Ардаққызы Шуақ  жоғары сынып оқушыларының бір-бірін бопсалауға, орта буын , бастауыш сынып  оқушыларына әлемжеттік көрсетуге болмайтыны туралы , кибербуллингтен қорғану  туралы айтып  және оның заңдарымен таныстырды. Бөтен адамдармен сөйлескенде сақ болуы керек екенін ескертті . Сонымен қатар, іс-шара соңында оқушыларға бірнеше сұрақтар қойып, олар белсенді жауап беріп, сұхбат  жүргізілді.
Ұйымдастырушы: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Р Джанузакова