"Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы"түсіндірме жұмыстары жүргізілді. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы"түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
14
октябрь
2021

"Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы"түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Апта тынысы.
N196 жалпы білім беретін мектептің  5- 9 сынып оқушыларына "Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" және жолда жүру ережелерін сақтауға арналған  түсіндірме жұмысы  өтті. Бұл іс-шараны мектеп инспекторы Бегім Айбек пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары ұйымдастырды.Қазіргі қоғамдағы ең маңызды мәселелерінің бірі – бұл жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың көбеюі. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін балаларымыздың бойында дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беруіміз керек. Осыған байланысты инспектор Бегім Айбек Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жас­өспірімдерге түнде  компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі уақыттарда көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынғанын және 
елімізде кәмелетке тол­­маған құқықбұзушылардың ісімен шұғылданатын арнайы орталық бар екенін оқушыларға түсіндірді.Сондай-ақ жолда жүру ережелерін дұрыс білуге, сақтауға кеңес берді.