"Сыңғырла, күміс қоңырау!" атты оқу жылының аяқталу салтанаты өтті.
25 мамыр 2022 жылы, сағат: 9.00-де №196 жалпы білім беретін мектепте "Сыңғырла, күміс қоңырау!" атты оқу жылының аяқталу салтанаты өтті. Соңғы қоңырауда мектеп директоры Г.Ж.Буркитбаева қатысып, оқушыларға сәттілік тілеп оқу жылының аман-есен аяқталуымен құттықтады. Мектеп бітіруші түлектерді ардагер ұстаз Белгожанова Асемхан Нусиповна , ата -ана Успанова Гулнара Кумаровна және Емильхан ата батасын беріп, сәт сапар тіледі. Мектеп бітіруші түлектеріміз өнерлерін ортаға салып, қимастық