Құрметті ұстаздар!! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті ұстаздар!! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
30
сентябрь
2021

Құрметті ұстаздар!! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім - тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Құрметті ұстаздар!! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер! Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін!  Мерейлеріңіз үстем болсын! Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірті. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік болып келген шәкіртіне ұстаздың қуанышы шексіз. N196 жалпы білім беретін мектептің  осындай өнерлі оқушылары ұлағатты ұстаздарын құттықтайды.

https://www.facebook.com/100025697012822/videos/196281935952764/