20
декабрь
2021
Пандемияға байланысты оқу-жаттығуға тек әкімшілік басқару қызметкерлері жұмылдырылды.
21.12.2021 жылы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарының 10-тармағын орындау мақсатында 2021 жылдың 21 желтоқсан сағат 9.00-12.00 аралығында №196 жалпы білім беретін мектеп қызметкерлерімен бірлесіп мектеп аумағында жер сілкінісі болған кезде оқушыларды қауіпсіз жерге орналастыру және зардап шеккен халықты қабылдау үшін және баспанасыз қалған халықты қабылдау пунктінің тәжірибелік іс-жүзінде әрекет ету іс-шарасы өтті. Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдай кезінде зардап шеккен халықтарды қабылдау, уақытша орналастыру және одан әрі қауіпсіз орындарға жіберу, іс-әрекеттерін тәжірибе жүзінде көрсетуге арналған қабылдау пунктінің штаттық-қызметтік жұмыстары пысықталды. Пандемияға байланысты оқу-жаттығуға тек әкімшілік басқару қызметкерлері жұмылдырылды.