07
февраль
2022
"Отбасылық таңғы жаттығулар "
08.02.2022 жылы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 1"А",1"Б"сынып оқушылары "Отбасылық таңғы жаттығулар " атты челендж өткізді. Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса, ертеңгілік жаттығу сонысымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамда өмір бойында сақталады. Организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Мектеп жасындағы балалардың денесін шынықтыру кезіндегі басты фактор - оның қимыл әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты, себебі мақсатты орындатқан қимыл-қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.таңертеңгілік жаттығуды бірден ұйқыдан кейін емес, бір шама уақыт өткен соң жасағанда оның тәрбиелік маңызы кеңейеді. Ол күн кестесінің бөлінбес ұйымдастырушы сәті болады, балаларды бірыңғай тәртіпке, жинақылыққа үйретеді. Осындай мақсатпен өткен челенджді 1-сынып оқушылары мектебіміздің 2-сынып оқушыларына жолдайды.
Ұйымдастырушы: сынып жетекшісі Кулмирзаева А.Н.
https://www.facebook.com/100025697012822/videos/pcb.1039120573621167/636675430943312?__cft__[0]=AZUJM-LJH4Xg8Hbi_q7jeZbjMY2mI60gVacDTtXpUD93RIMK41dHKAqtAR6iEmHWNwVyGKRnCA5W2O6BGCnsd0L7WlnZ6oBRPFBMQ0jzrwFxugtqmJaxMHFbz4vkNGm36lY&__tn__=*bH-R