08
февраль
2022
"Отбасылық таңғы жаттығулар "
08.02.2022 жылы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 1"Ә", 1"Г" сынып оқушылары "Отбасылық таңғы жаттығулар " атты челендж өткізді. Физикалық жаттығулар дене тәрбиесінің негізі болып табылады. Таңертеңгі жаттығу денсаулықты нығайтуға, организмді жетілдіру мен шынықтыруға,жұмыс қабілетін арттыруға жақсы әсер етеді. Оның аса маңызды міндеттерінің бірі тұлға мен табанның бұзылуына жол бермеу.Дене жаттығуларымен күнбе-күн айналысу бала денесінің өсуіне және организмнің функционалдық жағдайына қолайлы әсер етеді. Таңертеңгі гимнастика балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі басты құрал болып табылады. Жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады,сергектік сезім пайда болады,қабілеттілігі артады . Осыған орай таңертең жасалған жаттығуды жалғастыру 2-сынып оқушыларына 1-сынып оқушылары жолдайды.
Ұйымдастырушы: сынып жетекшілері Сайдуллаева С.Г.
Айнабай Н.
https://www.facebook.com/100025697012822/videos/pcb.1039132733619951/491112326025297?__cft__[0]=AZWB7LmJHfZ2TQpKxgf9CiX2OQib2C-pH6SDe_40E7o0TQtkZBeRtWhUR3X6eLAV4fau7ijp47kIJiITvfjDDdlt-kX-5z5cypN83enVu4gzfOvhFe-RZuhuzZAkz3sMjZQ&__tn__=*bH-R