"Шын жүректен алғыс айтамын!" » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Шын жүректен алғыс айтамын!"
26
февраль
2022

"Шын жүректен алғыс айтамын!"

26.02.2022 жыл.Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 4"А",4"Ә",4"Б",4"В", 6"В" сынып оқушыларының қатысуымен 1наурыз -Алғыс айту күніне арналған "Шын жүректен алғыс айтамын!" атты концерттік бағдарлама  ұйымдастырылды.Оқушылар концерттік кеште өнерлерін көрсетіп, Алғыс айту күні қарсаңында білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие берген ұстаздарына алғыс  айтты. Шәкірттер мен ұстаздарды келе жатқан мерекемен құттықтап мектеп директоры Г.Ж.Буркитбаева сөз алып, Алғыс айту күні – Қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі екенін,бүкіл қазақстандықтардың бір- біріне деген достығы мен бірлігін айқын көрсететін  күн екенін айтып өтті. Иә, Алғыс айту күні - өткен бабаларға, терең тарихымызға құрмет көрсетіп, келешек ұрпақты достық пен бейбітшілік аясындағы дәстүрді жалғастыруға үндейтін күн.

https://web.facebook.com/100025697012822/videos/3151791755088321/