"Достық " жазғы ойын -сауық лагерінде ертегілер еліне саяхат жасап, пикник ұйымдастырды. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Достық " жазғы ойын -сауық лагерінде ертегілер еліне саяхат жасап, пикник ұйымдастырды.
10
июнь
2022

"Достық " жазғы ойын -сауық лагерінде ертегілер еліне саяхат жасап, пикник ұйымдастырды.

10.06.2022 жыл.Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 1-4 сынып оқушылары "Достық " жазғы ойын -сауық лагерінде ертегілер еліне саяхат жасап, пикник ұйымдастырды.Оқушылар
дың халық ауыз әдебиеті, оның ішінде  ертегілер туралы білімдерін тереңдету.Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыра түсу.
Оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту.Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуге тәрбиелеу 
мақсатында өтті. Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Балалар ертегінің осындай  тілі арқылы халықтың өз өмірлерін жақсарту жолындағы арман-тілектерін, тамаша қиялдарын  түсінеді.Ертегінің көркем де, жеңіл тілі олардың қиялдарына  қанат бітіріп, армандарға жетелеп, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларын  әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті  небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзді  ашып -жұмғанша  кереметтерді танытады. Халық ертегілерін  сүйсіне оқыған балалар оқыған ертегілер бойынша  ой  бөлісті. Жақсы қасиеттерді бойға сіңіруге арналған іс-шараға оқушылар белсене қатысты.

https://www.facebook.com/100025697012822/videos/747527293100252/