"Достық "жазғы ойын -сауық лагеріне қатысып, жаз мезгілі кезінде түрлі қызықты ойындар ойнап, уақыттарын көңілді өткізді. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Достық "жазғы ойын -сауық лагеріне қатысып, жаз мезгілі кезінде түрлі қызықты ойындар ойнап, уақыттарын көңілді өткізді.
13
июнь
2022

"Достық "жазғы ойын -сауық лагеріне қатысып, жаз мезгілі кезінде түрлі қызықты ойындар ойнап, уақыттарын көңілді өткізді.

13.06.2022 жыл.Алатау ауданы  N196 жалпы білім беретін мектептің 1-4 сынып оқушылары "Достық "жазғы ойын -сауық лагеріне қатысып, жаз мезгілі кезінде түрлі қызықты ойындар ойнап, уақыттарын көңілді өткізді.  Балалардың жазғы демалысын  ұйымдастыру- маңызды мәселе . Жазғы каникул балалардың жылдың бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады.Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.
          Сондықтан жаз балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың жеке басына тән байланыстарын жетілдіру,әлеуметтік және мәдени білім беру құндылықтарына араласу,әлеуметтік байланыстар жүйесіне қосылу, өз жоспарларын іс жүзіне асыру,жеке бас мүдделерін қанағаттандыру, ойын-сауық арқылы бойында жиналып қалған шиеленістен арылу, жұмсалған күшінің орнын толтыру,денсаулығын нығайту кезеңі. Жаз балаларға өзінің сан түрлі талантын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.Бұл кезеңді жеке басының жақсы жақтарын ашып көрсетуге жағдай жасауға, балалар арасында рухани және эмоциялық құндылықтарын алмасуға, жеке басының мүдделерін жүзеге асыру үшін пайдалану керек.

https://www.facebook.com/100025697012822/videos/1977583122421522/