"Достық " жазғы ойын -сауық лагерінде өз өнерлерін көрсетті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Достық " жазғы ойын -сауық лагерінде өз өнерлерін көрсетті.
07
июнь
2022

"Достық " жазғы ойын -сауық лагерінде өз өнерлерін көрсетті.

07.06.2022 жыл.Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 1-5 сынып оқушылары арасында болып жатқан "Достық " жазғы ойын -сауық лагерінде өз өнерлерін көрсетіп, Отан, Қазақстан, туған жер, ел туралы түсініктерін қалыптастырып, өлеңдер оқыды. Балалық шақтың ең қызықты күндерін есте сақтау, ой - өрісін, шығармашылық есте сақтау қабілеттерін арттыру,
 сыйластыққа, ізгілікке, Отанын сүюге, елін, жерін қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу мақсатында өтті. 
Балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейту, тәрбиелеу және  жұмыстардың негізі болып әрқашан түрлі ойындар қала береді. Жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері боп қалуы үшін, лагерьді ерекше өткізу біздің басты мақсатымыз болмақ. Жазғы лагерь- демалыс уақытындағы оқушылардың денесін шынықтыруы, күш жинауы, оқушылардың рухани баюы, қоршаған ортамен танысуы,балалардың өзіне деген сенімділігін арттыруы үшін беріледі. Мектепішілік лагерьде балалар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, ойын арқылы достасады.Осындай қызықты іс-шараның бірін мектептің қазақ тілі  мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.А.Аманжолова және бастауыш сынып мұғалімі А.  Е.Алимбекова  ұйымдастырды.

https://www.facebook.com/100025697012822/videos/1235555250580812/