Семинар өтті » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Семинар өтті
04
апрель
2023

Семинар өтті

Бүгін, 04.04.2023 ж. №196 ЖББ мектепте «Мектептегі зерттеу және сабақты жоспарлауды әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті. Lesson Study – оқыту мен оқуды үздіксіз жетілдіру мақсатын көздейтін бірлескен рефлексивті мектеп тәжірибесі. Lesson Study бастауыш және орта мектептерде оқыту әдістерін жетілдіру және оқушылардың негізгі пәндер бойынша білімдерін жетілдіру, сондай-ақ оқуды бағалау сияқты тұжырымдамалық педагогикалық тәсілдерді дамыту үшін сәтті қолданылды.
Семинардың мақсаты: мұғалімдерге осы әдістеме туралы жалпы түсінік беру, Lesson study барысында оң және теріс жақтарын айту. Семинар нәтижелі болды. Ынтымақтастық ортасы, ситуациялық ойындар, шығармашылық қабілеттерін ашуға ынталандырулар жасалды. Мұғалімдер барлық сергіту жаттығуларына белсенді қатысып, сұрақтар қойып, кері байланыс жасалды.

Семинарға жауаптылар: Бейсенова Р.Д., Сыдықбаева Ф.Н., Аширова Б.З.
https://www.instagram.com/reel/CqnzZYIgAjE/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==​​​