N196 жалпы білім беретін мектептің 8-9 сынып оқушыларына зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында педагог-психолог С.Ж.Орманова және Н.С.Фурзикова семинар-тренинг ұйымдастырды. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » N196 жалпы білім беретін мектептің 8-9 сынып оқушыларына зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында педагог-психолог С.Ж.Орманова және Н.С.Фурзикова семинар-тренинг ұйымдастырды.
24
ноябрь
2021

N196 жалпы білім беретін мектептің 8-9 сынып оқушыларына зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында педагог-психолог С.Ж.Орманова және Н.С.Фурзикова семинар-тренинг ұйымдастырды.

24.11.2001 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 8-9 сынып оқушыларына зорлық-зомбылықтың алдын алу  мақсатында   педагог-психолог С.Ж.Орманова және Н.С.Фурзикова семинар-тренинг ұйымдастырды. 
     №29 қалалық емхананың психологтары М.Елгезек және А.Т.Беспаева 8-9 сынып оқушыларына «Мектепте зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты тақырыбы аясында, мектеп және мектептен тыс ортада эмоционалдық және физикалық зорлық-зомбылық (буллинг) мәселелері бойынша оқушылармен  семинар-тренинг өткізді. Зорлық-зомбылықтың құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәні мен  психикасына  ықпал жасау» екенін түсіндіре отырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен таныстырды. 
    Стресстік жағдайлардан арылу, эмоциялық күйді баланста ұстау, өмірдің құндылықтарын бағалау бойынша жаттығулар жасады. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген жеке пікірлерін ортаға салды. Кері байланыс орнатылды. Оқушылар белсенді қатысып, тренинг қызықты өтті. 
     ДТІЖО Ж.Б.Амангельдинова және мектеп психологы С.Ж.Орманова бүгінгі күнде  адам өзін-өзі тәрбиелеп, алдына мақсат қоя білуі керек екендігін айтты. Сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып,“өз өмірім өзіме құнды”деген қағиданы басты назарда ұстауымыз қажет екенін түсіндірді.