Өрт қауіпсіздігі шаралары болып өтті » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өрт қауіпсіздігі шаралары болып өтті
20
апрель
2023

Өрт қауіпсіздігі шаралары болып өтті

20 сәуір 2023 жылы, сағат 11.00 де Алматы қаласы бойынша «НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!» сигнал жүйесі іске қосылған сәттен (электр сирена мен сиреналық құлақтандыру) № 196 ЖББ мектепте төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша сейсмикалық жаттығу және өрт қауіпсіздігі шаралары болып өтті. Жаттығуға (9 мектеп әкімшілігі, 98 мұғалім, 1406 оқушы, 19 қызметкерлер)жалпы саны 1532 адам қатысты. ТЖ кезінде адамдар азаматтық қорғау шараларын ұйымдастыру, өрт қауіпсіздігі, сонымен қатар сауатты іс әрекеттер мен қызметкерлердің дұрыс мінез-құлқы бойынша практикалық дағдыларды меңгерді. Қауіпсіз орындар көрсетілді, басқада апаттарға қосымша мағлұматтар берілді.Зардап шеккен адамға алғаш көмек қалай көрсетілетіні туралы түсіндірілмелі жұмыстар жүргізілді.Жаттығу жасау барысында, төтенше жағдайға байланысты дабыл соққан кезде жедел әрекет ету жағын әлі де машықтандыруды өткізу қажет екендігі айтылды. Сонымен қатар, «Төтенше жағдайларға дайын болу – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі» - екендігі ескертілді.
 https://www.instagram.com/p/CrQlI51I-VI/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==