Экстремизм мен терроризмнің алдын алу » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Экстремизм мен терроризмнің алдын алу
02
май
2023

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу

Мектеп қызметкерлерін экстремизм мен терроризмнің алдын алу және төтенше жағдайлардағы іс-қимыл әрекеті туралы оқыту курсы
Экстремизм мен терроризм тақырыбы тек Қазақстан үшін ғана емес, әлемдік деңгейдегі аса өзекті мәселенің бірі. Бұл әсіресе соңғы жылдары әлемнің түкпір – түкпірінде орын алып жатқан түрлі лаңкестік оқиғалар мен экстремистік топтардың белсенді әрекетінен кейін ғаламдық проблемаға айналды. Сондықтан да терроризм мен экстремизмге қарсы күрес пен жасалып отырған шаралар мемлекеттік көлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең басты мәселелерінің бірі болып табылуына байланысты 2023 жылдың 19 сәуірінде № 196 жалпы білім беретін мектептің ұжымына Алматы қаласы полиция департаментінің экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкері полиция аға лейтенантары Абуталипов Бектур Бағдатович және Тұрсын Серік Берікұлының ұйымдастыруымен дәріс оқылды.
https://www.instagram.com/p/CrvB3c8Miy6/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==​​​