Зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді
24
ноябрь
2021

Зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді

24.11.2021 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің инспекторы капитан Бегім Айбек және мектептегі   директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Б.Амангельдинова мен Қ.Р. Джанузакова  8-9 сыныптар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Оқушыларға зорлық- зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту, адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету,
зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру және 
жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау мақсатында өткен түсіндірме жұмысы Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу екені айтылды.
Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы болып есептеледі.