Тарихы терең - мәуелі мекенім » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тарихы терең - мәуелі мекенім
15
декабрь
2023

Тарихы терең - мәуелі мекенім

Алатау ауданы №196 ЖББ мектепте 12.12.2023 жылы  16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тарихы терең – мәуелі мекенім» атты ардагерлермен кездесу өтті.
Отан үшін, ел үшін күресіп, тәуелсіз ел болуымызға үлес қосып, батырлық пен ерен  ерліктің үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміздің ерлігін оқушыларға таныстыра отырып, жас ұрпақтың санасына патриоттық сезімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған кездесуде Желтоқсан көтерілісінің ардагерлері және Ауған соғысы ардагерлері болды.
•    Республикалық «Желтоқсан Ақиқаты» ұйымының  мүшесі - Байтулекова  Саяна Несипказиевна;•    ҚР Мәдениет саласының үздігі, актёр-каскадер - Баядилов Халел Оңғарұлы;•    Республикалық «Желтоқсан Ақиқаты» ұйымының  мүшесі - Сәйбекова Ләйлә  болды;•    Асанбаев Жантайбай - Ауған соғысы ардагері•    Абибеков  Адильхан - Ауған соғысы ардагері•    Айдарбеков  Алмасбек  «Намыс» Ауғанстан соғысының және жергілікті әскери қақтығыстардың ардагерлері мен мүгедектерінің Алматы қаласы Алатау ауданы қоғамдық бірлестігінің төрағасы болды.Кеш барысында ардагерлер майдан даласында көзбен көрген зұлматтары,өз кезегінде бастарынан өткен оқиғалары және естеліктерімен бөлісті. Сондай-ақ оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына көздеріне жас ала отырып жауап берді.Олардың бойында патриоттық сезімнің әрқашан болуын, елімізде ешқашан соғыс болмауын,жастардың Отанды қорғау парыз екендігін есте шығармауын тілге тиек етті. Шара барысында патриоттық тақырыпта өлеңдер оқылып,әндер айтылды,күйлер шертіліп, көрініс қойылды. Оқушылар кездесуден өте керемет әсер алды. Кездесу мағыналы, мазмұнды, ұрпаққа үлгі,тағылымы мол шара  болып өтті.
В целях повышения чувства патриотизма в сознании молодого поколения, ознакомления с героизмом наших соотечественников, способствовавших становлению нашей независимой страны, проявивших героизм и доблесть была организована встреча с ветеранами под названием «Тарихы терең - мәуелі мекенім» ко Дню Независимости  Республики Казахстан 12 декабря 2023 года.  В праздничное мероприятие были приглашены ветераны Декабрского восстания 1986 года и Афганской войны:
• Байтулекова Саяна Несипказиевна  член республиканской организации «Декабрьская правда».
• Лучший деятель культуры Республики Казахстан, актер-каскадер – Баядилов Халель Онгарулы.
• Сайбекова Лайла, член республиканской организации «Желтоқсан Ақиқаты»;
• Асанбаев Жантайбай – ветеран Афганской войны
• Абибеков Адильхан – ветеран Афганской войны
• Айдарбеков Алмасбек- «Намыс», председатель общественного объединения ветеранов и инвалидов Афганской войны и локальных военных конфликтов  города Алматы Алатауского района.
На мероприятии ветераны поделились своим героизмом и воспоминаниями о тех тяжелых минувших днях.  Они также со слезами на глазах ответили на вопросы учащихся, давая понять, что всегда должно быть чувство патриотизма в сердце каждого, что в нашей стране никогда не должно быть войны, и что молодые люди не должны забывать, что их долг - защищать Родину. Был представлен спектакль. Учащиеся получили большое впечатление от встречи. Встреча была содержательной, значимой, примером для следующего поколения и полного познания.
https://www.instagram.com/tv/C01nsdCCxhj/?igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02bSWEg6yKHhSbg6xwUtqV89FzN7b7fcMPiNtKfkb8b9ukFoyh9GV3Eaw6KxRpyEBNl&id=100025697012822&mibextid=Nif5oz​​​