02
февраль
2022
АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ!
02.02.2022 жыл. Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 7"Б"сынып оқушылары АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ! атты қашықтықтан сынып сағатын өткізді. Ауған оқиғасының тарихи мағынасын аша отырып, соғыс ардагерлері туралы мәлімет беру, тарихи деректердің маңызды екендігін ұғындыру, Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін мақтаныш ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында өткен сынып сағатында жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталатынын , бүгін де біз бейбіт елдің жастары, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын, Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтарымызды құрмет тұтуға міндетті екенімізді оқушыларға түсіндіру болды.Ел тыныштығы үшін, бірлік үшін соғысқа қатысқан ардагер ағаларымызды құрмет етіп, ерлігін жырға қосып, есімдерін естен шығармау үшін жас ұрпақтың бойына ерлік, адалдық, адамгершілік қасиеттерді сіңіріп келе жатқан ұстаздар осылай шәкірттерін патриоттық рухта тәрбиелеп келеді.
Ұйымдастырушы: Кулагулова Б.Н.

