02
сентябрь
2021
"Алатау дәстүрлі өнер театры. Абай Құнанбайұлының терең шығармашылығын дәріптеу.
Алматы қаласы Мәдениет басқармасының бастамасымен аталмыш басқармаға қарасты"Алатау дәстүрлі өнер театры(театр директоры-Ринат Заитов)Абай Құнанбайұлының терең гуманистік идеяға құрылған шығармашылығын дәріптеу мақсатында 10 тамыз-Абай күніне арналған республикалық деңгейдегі (7-12тамыз аралығында) "Абай жолы" атты онлайн байқау өткізді.Сайысқа Абай жолы роман-эпопеясындағы кейіпкерлердің есімімен аттас балалар ғана қатысты. Әділқазылар бейнероликтің фонын,форматын,дыбыс сапасын,айту мәнерін ескере отырып, мектебіміздің 6 "Ә" сынып оқушысы Серікбай Тоғжан 150 мың теңге сертификатпен марапатталып,2 орынға ие болды.
Сертификатты 2 қыркүйек күні Almaty.tv телеарнасы, "таңғы studio" бағдарламасында театр директоры Ринат Заитов өз қолымен табыстады.
@alatau.theater
@almatymadeniet

