"Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым" » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым"
19
октябрь
2021

"Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым"

2021 жылдың 19 қазанында Орыс тілі мен әдебиеті апталығы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері аясында  "Мемлекеттік рәміздер - менің мақтанышым" атты ашық сынып сағаты 5 "Ә" сыныбында  өткізілді. Сынып жетекшісі Аширова Бахтинур оқушыларға  аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салып, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындырып, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсетті. Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тарихын сүюге тәрбиелеу, рй-өрісін, танымдық қабілетін жеке дара тұлға ретінде дамыту  мақсатында өткен сынып сағатында  елімізді, жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысу – ол әрбір азаматтың парызы екенін жас жеткіншектерге түсіндірілді. Туған жер деген киелі ұғымды әрбір қазақстандық құрмет тұтуға, қастерлеуге  міндетті және әр оқушы осыны білуі тиіс.