Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған түсіндірме жұмысы жүргізілді. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған түсіндірме жұмысы жүргізілді.
21
октябрь
2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған түсіндірме жұмысы жүргізілді.

21.10.2021 жылы N196 жалпы білім беретін мектептің 8-9 сыныптар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған түсіндірме жұмысы жүргізілді. Құқықтану пәнінің мұғалімдері Укибаев М.А. және Пулатов Б.И. ұйымдастырған іс -шара өскелең ұрпақтың жастайынан құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік бағыттағы құндылықтар негізінде тәрбиелеу,құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауып-қатерден сақтау мақсатында өтті. Сонымен қатар,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың парызы және әр жеке тұлға белсенді азаматтық ұстаным білдіруі қажет деген пікірді ұстаздар оқушыларға түсіндіріп,  қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу мектеп қабырғасынан басталатынын   ұстаздар оқушыларға түсіндірді