Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТАУЛЫ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚАР КӨШКІНІНЕН САҚТАНУ!
08
февраль
2022

ТАУЛЫ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚАР КӨШКІНІНЕН САҚТАНУ!

08.02.2022 жыл
Алматы қаласы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 6-9 сынып  оқушылары арасында төтенше жағдайларға байланысты ТАУЛЫ АЙМАҚТАРДАҒЫ  ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚАР КӨШКІНІНЕН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ тақырыбында сынып сағаттары өтті. Таулы қыраттарға шыққан кездегі  қауіпсіздік ережелері туралы мағұлмат беру, есту, көру арқылы өз бетінше логикалық ойлау қабілетін арттыру мақсатында өткен сынып сағатында 
оқушыларға қар көшкіні кезіндегі сақтық шараларды  есте сақтауға, берілген ескертулермен, ережелер белгілерімен таныстыру, нұсқауларды дұрыс орындауға тәрбиелеу,өзара ой бөлісу, ойлау, қорытындылау қасиеттерін дамыту және  өз денсаулығының бағалы байлық екендігіне көз жеткізуге жағдай жасау болды.  Қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі құтқару туралы түсініктерін арттырумен қатар, әрбір адам төтенше жағдайға тап болуы мүмкін, таулы  аймақта жарақат алу, адам өлімі, қар көшкіні кезінде далада қалып қою сияқты апатты жағдайлардан аулақ болу туралы сынып сағатында айтылды.Егер де  далада  қалу жағдайы болып қалса әр адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарын, өзін-өзі құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет екені оқушыларға түсіндірілді.
Жауапты: Тилеукабылова А.Ш., Молбаева Э.С., Омарова Н.Т. Ергожаев А.А.