"1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні" » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні"
27
апрель
2022

"1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні"

27.04.2022 жыл. Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 6"А" сынып оқушылары арасында "1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні" мерекесіне орай, сынып сағаты өтті. Кез келген елдің тілегі де, оның арманы да халқының бейбітшілігін сақтау екені сөзсіз. Елінің экономикасын дамытып, халқының қауіпсіздігін нығайту арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Өйткені, бейбіт өмір бақыт, береке, бірлік әкелумен бірге, өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік – байлық» деп бекер айтпаса керек. Бұқара халық әрдайым ты­ныш­тықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Ал, ұрпағы­ның амандығы келешегінің кемел­дігін білдіреді. Сынып сағатында оқушыларға осындай ынтымақ пен бірліктің мейрамында  қазақ халқының  салт-дәстүрлерін құрметтеп, өзге ұлт өкілдерімен тату, достықта өмір сүруге шақырды.