"1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні " мерекесіне орай, сынып сағаты » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні " мерекесіне орай, сынып сағаты
27
апрель
2022

"1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні " мерекесіне орай, сынып сағаты

26.04.2022 жылы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 1"Ә",3"А",
 3 "В" сынып оқушылары арасында "1 мамыр- Қазақстан халқының бірлігі күні " мерекесіне орай, сынып сағаттары өтті. Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе – тыныштық, бірлік. Көп ұлтты Қазақстан халқы бірлік пен татулықты сақтап келе жатыр. Оқушылар да сынып сағатында достық, татулық туралы түсініктерін кеңейтіп, достықты әрқашан бағалайтынын білдірді.