"Достық "жазғы ойын -сауық лагері. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Достық "жазғы ойын -сауық лагері.
17
июнь
2022

"Достық "жазғы ойын -сауық лагері.

17.06.2022 жыл.Алатау ауданы  N196 жалпы білім беретін мектептің 1-4 сынып оқушылары "Достық "жазғы ойын -сауық лагеріне қатысып, жаз мезгілі кезінде ұстаздар ұйымдастырған танымдық қабілеттерін шыңдайтын ойындарда белсенділік көрсетті. Іскерлік,сюжеттік-рөлді,қимыл қозғалыс ойындары баланың ойлау,есте сақтау,қабылдау,қиял сияқты психикалық үрдістерінің дамуына көмектеседі. Ойын арқылы бала адамгершілік құндылықтар жөнінде тәжірибе жинақтайды,оқылған жағдаятты жақсы меңгереді.Ойын арқылы балалар өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға үйренеді.
Ойындар сабақ мазмұнына сәйкес алынып,жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған мақсатқа жеткізіп,нақты қорытынды алуға көмектеседі.Ойын әрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады.Балалар ойындар мен жаттығулар нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады,өмірлік дағдыларды меңгереді.
Ұйымдастырушылар: Жакеева Ж. Айты А.И. Алимбекова А.Е.  Мачжон Ф.В.