Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 8
"Тіл – татулық тірегі" атты Тілдер мерекесі апталығы
21
сентябрь
2022
"Тіл – татулық тірегі" атты Тілдер мерекесі апталығы
Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 8 "А" сынып оқушылары  "Тіл – татулық тірегі" атты Тілдер мерекесі апталығында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, өлеңдері мен өмір жолы туралы  өткен сынып сағатына қатысты. Ахмет атамыздың шығармашылығына оқушылардың қызығушылығын ояту, тілге деген құрметін арттыру болды.Жауапты сынып  жетекші: Иманасова Айгерим. https://www.facebook.com/100025697012822/videos/1059445274721182/
5 "В" сынып оқушылары “Ана тілің- арың бұл” атты сынып сағатына қатысты
21
сентябрь
2022
5 "В" сынып оқушылары “Ана тілің- арың бұл” атты сынып сағатына
Алатау ауданы №196 жалпы білім беретін мектептің 5 "В" сынып оқушылары “Ана тілің- арың бұл” атты сынып сағатына қатысты. Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп келе  жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу. Ұйымдастырушы сынып жетекші: Серік Құралай
В 3«Г» классе был проведён классный час «Ко Дню языков народа Казахстана»
21
сентябрь
2022
В 3«Г» классе был проведён классный час «Ко Дню языков народа
В 3«Г» классе был проведён классный час «Ко Дню языков народа Казахстана» Ребята отправились в путешествие по Казахстану, для ознакомления различных наций проживающих на нашей прекрасной территории. Захватывающие приключение сопровождалось с ознакомлением быта, традиций и государственного флага каждого этноса.  Ребята сделали вывод что, единство зависит от дружеских взаимоотношений между людьми. Классный час был направлен на раскрытие толерантности, формированию между детьми дружеских
1"А" және 2"А" сынып оқушылары  "Менің сүйікті қалам-Алматы" атты фотоколлаж көрмесінден
21
сентябрь
2022
1"А" және 2"А" сынып оқушылары "Менің сүйікті қалам-Алматы" атты
Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 1"А" және 2"А" сынып оқушылары  "Менің сүйікті қалам-Алматы" атты фотоколлаж көрмесіне қатысты. Ұйымдастырушылар сынып жетекшілері:Акназарова Н.Б.  Шиналиева А.А.
«Үштілділік – заман талабы» атты   дөңгелек үстелге 7"А" сыныбы қатысты
20
сентябрь
2022
«Үштілділік – заман талабы» атты дөңгелек үстелге 7"А" сыныбы
20.09.2022 ж.Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектепте 19-26 қыркүйек аралығында  «Тіл – татулық тірегі» атты тілдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Үштілділік – заман талабы» атты   дөңгелек үстелге 7"А" сыныбы қатысты. Мақсаты: Оқушыларды ана тілімен қатар мектепте оқытылатын өзге тілдерден де теориялық білімдерін, тіл жайлы ұғымдарын тереңдету, мемлекеттік тілді сүюге, өзге тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Ұйымдастырушы ағылшын тілі пәні мұғалімдері: Кенжеалиқызы Раушан, Ескермес Ғазиза.
9"А: сынып оқушылары "Өзін -өзі басқару" ұйымының оқушылары Президент сайлауына қатысуда
19
сентябрь
2022
9"А: сынып оқушылары "Өзін -өзі басқару" ұйымының оқушылары Президент
Алатау ауданы  N196 жалпы білім беретін мектептің 9"А: сынып оқушылары "Өзін -өзі басқару" ұйымының оқушылары Президент сайлауына қатысуда https://www.facebook.com/100025697012822/videos/403453065287393/
“Тіл - татулық тірегі” атты апталығы басталды
19
сентябрь
2022
“Тіл - татулық тірегі” атты апталығы басталды
Хабарландыру! 19.09-24.09.22 аралығында мектебімізде 22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесіне арналған “Тіл - татулық тірегі” атты апталық өтеді. https://www.facebook.com/100025697012822/videos/564281735472824/ 
6 “Б” сынып оқушысы - Абаев Акимжан Қызылорда қаласында өткен “ЖІБЕК ЖОЛЫ” атты IV республикалық байқауында БАС ЖҮЛДЕге ие болды
18
сентябрь
2022
6 “Б” сынып оқушысы - Абаев Акимжан Қызылорда қаласында өткен “ЖІБЕК
Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің  6 “Б” сынып оқушысы - Абаев Акимжан Қызылорда қаласында өткен “ЖІБЕК ЖОЛЫ” атты IV республикалық балалар және жасөспірімдер өнер байқауында “Аспаптық жанр” номинациясы бойынша 1-орынды иеленді.Жас өнерпазды жеңісімен құттықтаймыз! Қазақтың қасиетті аспабы домбырадан  күмбірлеп төгілген күйлерін  әлемге танытсын! Өнері өркендеп,биік белестерден көріне берсін! Сынып жетекшісі  Байбатырова Л.
4 "Ә" сынып оқушысы Өмірбек Асия "Talanty Kazakhstana" атты халықаралық байқауында БАС ЖҮЛДЕ иеленді.
18
сентябрь
2022
4 "Ә" сынып оқушысы Өмірбек Асия "Talanty Kazakhstana" атты
Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 4 "Ә" сынып оқушысы Өмірбек Асия  "Talanty Kazakhstana" атты халықаралық байқауға қатысып, "Көркем сөз" номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕ иеленді. Жыр сүйер шәкіртімізді жеңісімен құттықтаймыз! Көркем сөз шеберлігіне шыңдалып жүрген өнерлі оқушымызға  толағай табыстар мен шығармашылықтың биік шыңына жете беруіне тілектеспіз! Өнерің өрге жүзсін, шығармашылығың шыңдала берсін жас өнерпаз! Сынып жетекшісі: Раймкулова Ф.Б.
8 "А" сынып оқушысы Азадов Жәнібек  "AR Boxing" клубында өткен бокстан 1- орынды иеленді
18
сентябрь
2022
8 "А" сынып оқушысы Азадов Жәнібек "AR Boxing" клубында өткен
Алатау ауданы N196   жалпы білім беретін мектептің    8 "А" сынып оқушысы Азадов Жәнібек  "AR Boxing" клубында өткен бокстан ашық біріншілігінде жеңіске жетіп, 1- орынды иеленді.  Спортшы шәкіртімізді жеңісімен құттықтаймыз! Салауатты өмір салтын сақтауға үлес қосып жүрген Жәнібектің спорт әлемінде жеңістері көп болсын! Мектебіміздің мәртебесін асқақтата берсін! Сынып жетекшісі:Омарова Н.Т.
4"А"-сынып оқушылары “Жол жүру ережелері” атты сынып сағатына қатысты.
16
сентябрь
2022
4"А"-сынып оқушылары “Жол жүру ережелері” атты сынып сағатына қатысты.
Алатау ауданы №196 жалпы білім беретін мектептің 4"А"-сынып оқушылары “Жол жүру ережелері” атты сынып сағатына қатысты. Мақсаты: Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.
Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу. Көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс - жүзінде пайдалана білуін жетілдіру.  Ұйымдастырушы сынып жетекші
4"Ә"-сынып оқушылары “Жол жүру ережелері” атты сынып сағатына қатысты
15
сентябрь
2022
4"Ә"-сынып оқушылары “Жол жүру ережелері” атты сынып сағатына қатысты
Алатау ауданы №196 жалпы білім беретін мектептің 4"Ә"-сынып оқушылары “Жол жүру ережелері” атты сынып сағатына қатысты. Мақсаты: Оқушыларда жолда жүру ережесі туралы білім қалыптастыру. Жолда абайлап жүруді үйрету. Көшеде жүру ережесімен таныстыра отырып, жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу. Жол белгілерін көрсету арқылы, көпшілігіне анықтама бере отырып, оқушының жадында қалдыру! Сол ереже арқылы жол ережесін бұзбауға шақыру! Ұйымдастырушы сынып жетекшілер Раймкулова Ф.Б.
“Аналар күні” және жолда жүру ережелері туралы  сынып сағаттары
14
сентябрь
2022
“Аналар күні” және жолда жүру ережелері туралы сынып сағаттары
Алатау ауданы №196 жалпы білім беретін мектептің 1"А", 1"В", 2 Б"-сынып оқушылары “Аналар күні” және жолда жүру ережелері туралы  сынып сағатына белсене қатысты. Мақсаты: 1. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту. 2. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.  Жолда жүру ережелері” атты сынып сағатына
"Өрт-тілсіз жау" атты сынып сағаты өтілді
08
сентябрь
2022
"Өрт-тілсіз жау" атты сынып сағаты өтілді
08.09.2022 жыл.Алматы қаласы N196 жалпы білім беретін мектептің 6"Ә" сынып оқушылары арасында "Өрт-тілсіз жау" атты сынып сағаты өтті. Сынып сағатынның мақсаты балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру болып табылады. Ой-өрісін, дүниетанымын дамыту; еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу болды. 2 "А"сынып оқушылары адалдық сағатына қатысып, адамгершілік,адалдық туралы өз пікірлерін білдірді.
"Біз,   сыбайлас  жемқорлыққа қарсымыз!" атты адалдық сағаты
06
сентябрь
2022
"Біз, сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!" атты адалдық сағаты
Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің  5 "А" сынып оқушыларына  "Біз, жемқорлыққа қарсымыз" атты адалдық сағаты өтті.   Мақсаты: Адамдардың өмірінде әділдік пен адалдықтың алатын орны ерекше екені туралы ой - пікірлерін кеңейту; көркем шығармадағы және қоршаған ортадағы достық қарым – қатынастың көріністерін бағалау қабілеттерін дамыту.Балаларға жемқорлық туралы білімдерін қалыптастырып, жемқорлыққа қарсы болуға машықтандыру. Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
құқық бұзушылықтың алдын алу туралы түсіндірме жұмысы
03
сентябрь
2022
құқық бұзушылықтың алдын алу туралы түсіндірме жұмысы
03.09.2022 жыл. АПТА ТЫНЫСЫ. Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 9-10 сынып оқушыларына 01.09. күні  Алатау аудандық полиция басқармасы, Тергеу бөлімінің тергеушісі полиция лейтенанты Ардаққызы Шуақ  келіп,  құқық бұзушылықтың алдын алу туралы дәріс өткізді.  Бұл түсіндірме жұмысында Ардаққызы Шуақ  жоғары сынып оқушыларының бір-бірін бопсалауға, орта буын , бастауыш сынып  оқушыларына әлемжеттік көрсетуге болмайтыны туралы , кибербуллингтен қорғану  туралы айтып  және оның
"Мектепке жол-шекарасыз жақсылық" акциясы
28
август
2022
"Мектепке жол-шекарасыз жақсылық" акциясы
27.08.2022 жыл. "Мектепке жол-шекарасыз жақсылық" акциясы барысында N196 жалпы білім беретін мектепте жаңа оқу жылына көмек ретінде оқушыларға ақ жейде таратылды.  Осы науқан басталғалы бері қайырымды адамдар қол ұшын беріп, ата-аналарға, баласын мектепке дайындығына көмектесіп осындай сыйлықтар ұсынып жатыр.Мектепке келіп, көмек алып жатқан ата -аналары ризашылықтарын білдіріп, оқушылардың жүзінде қуаныш лебі сезіліп, алғыс айтуда.  
"Мектепке жол" акциясы
26
август
2022
"Мектепке жол" акциясы
26.08.2022 жыл. Балалар жылы аясында "Мектепке жол" акциясы бойынша "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қоры біздің мектептің бір оқушысына сабаққа арналған құрал-жабдық салынған сөмке сыйлады. Жаңа  оқу жылына  арналған қайырымдылық акциясына қатысып, балаларға қуаныш сыйлап жатқан адамдарға алғысымыз шексіз.  
ОБЪЯВЛЕНИЕ!
24
август
2022
ОБЪЯВЛЕНИЕ!
УВАЖАЕМЫЕ  ЖИТЕЛИ МИКРОРАЙОНА РАХАТ, МАДЕНИЕТ!               В СВЯЗИ С ОТКРЫТИЕМ НОВОГО ЗДАНИЯ, РАСПОЛОЖЕННОЕ  НА УЛИЦЕ  АСКАРА СУЛЕЙМЕНОВА, ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 196  ОБЪЯВЛЯЕТ ПРИЁМ  УЧАЩИХСЯ В ПОДГОТОВИТЕЛЬНЫЕ ГРУППЫ И 1-10 КЛАССЫ . ( ПРИЁМ ДОКУМЕНТОВ ПРОВОДИТСЯ  В  СТАРОМ ЗДАНИИ ШКОЛЫ НА УЛИЦЕ БАЙЖАНОВА 1 Б) АДМИНСТРАЦИЯ ШКОЛЫ       
МЕКТЕПТІҢ  ЖАҢА   ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ.
24
август
2022
МЕКТЕПТІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ.
24.08.2022 ЖЫЛ. ҚҰРМЕТТІ РАХАТ, МӘДЕНИЕТ ЫҚШАМ АУДАНДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! 2022 -2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДА АСҚАР СҮЛЕЙМЕНОВ  КӨШЕСІНДЕГІ   №196 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫНЫҢ АШЫЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МЕКТЕП АЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРЫНА ЖӘНЕ 1-10 СЫНЫПТАР АРАСЫНДА ОҚУШЫЛАР ҚАБЫЛДАНАДЫ. (ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕКТЕПТІҢ ЕСКІ ҒИМАРАТЫ БАЙЖАНОВА 1 «Б»  КӨШЕСІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ.)  МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ