1"А" сыныбының ата -аналарына арналған " Баланың бас ұстазы-ата -ана" атты ата-аналар жиналысы өтті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1"А" сыныбының ата -аналарына арналған " Баланың бас ұстазы-ата -ана" атты ата-аналар жиналысы өтті.
30
сентябрь
2022

1"А" сыныбының ата -аналарына арналған " Баланың бас ұстазы-ата -ана" атты ата-аналар жиналысы өтті.

Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 1"А" сыныбының ата -аналарына арналған " Баланың бас ұстазы-ата -ана" атты ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты:
Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту, ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - деген. Осыған орай, бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне, осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
Ата-аналар жиналысына директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Шаменова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Р Джанузакова қатысып, ата-аналар қойған сұрақтарға  жауап берді. 
Ұйымдастырушы сынып жетекшісі Н.Б Акназарова
https://www.facebook.com/100025697012822/videos/884323766307003/