"Балауса" лагерінің ашылу салтанаты болды » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Балауса" лагерінің ашылу салтанаты болды
03
июнь
2019

"Балауса" лагерінің ашылу салтанаты болды

Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндегідей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт өзінің қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз - тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор.
 Бүгін 3 маусым 2019 ж. №196 ЖББ мектеп жанынан "Балауса" лагерінің ашылу салтанаты болды және тегін балмұздақтар таратылды. Балаларымызға қуаныш сыйлап, демеушілік көрсеткен Рахат ықшам ауданындағы жеке кәсіпкерлер:"Алматы","Рахат", "Арай","Аружан"дүкен иелеріне алғысымыз шексіз.