Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
01
ноябрь
2021

Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

01.11.2021 жыл.
Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Гран паркте ашылған "Dream Wey" аллеясына  N196 жалпы білім беретін мектептің 9"А" және 9"Ә" сынып  оқушылары барып  аллея плиткасына  өз армандарын жазды.Аллеяның ашылуы  – еліміздің жарқын болашағына деген нық қадам. Бүгінгі күннің игі бастамасының болашаққа берері мол.Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер, тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңдер», - деген сөзді мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды . Сондықтан да жастар аллеясына мектеп оқушылары өз армандарын жазып қалдыруы,болашаққа бастар жолдың бастауы  болып есептеледі.
Ұйымдастырушы: 9 сынып жетекшілері Молдахмет Г.Н.және Таттимбетова С.Ж.

            https://www.facebook.com/100025697012822/videos/1016830819107411/