"Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн"
02
июнь
2020

"Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн"

"Ел боламын десең, бесігіңді түзе" - дейді ұлы халқымыз. Бесіктен өнегелік танытқан халқымыз бала тәрбиесіне ерекше жауапкершілікпен қарап, ұрпағының келешегіне зор сеніммен қараған. Баланы кемсітпеу, қоғамның бүтін бөлшегі ретінде қарау - заманның өзекті мәселесі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрық хаты негізінде жыл сайын жазғы демалыс қарсаңында "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" науқаны басталды.Алматы қаласы Білім басқармасының 01.06.2020ж №05-2-4/809 хатына сәйкес 1-12 маусым аралығында "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" науқаны өтілетінін хабарлаймыз. 2020 жылы өткізілетін науқан "Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!" ұранымен өтеді. Науқан аясында танымдық онлайн дәрістер, түсіндіру жұмыстары мен балалар қауіпсіздігін қадағалау, құқықтарын қорғау рейдтері ұйымдастырылады.