N196 жалпы білім беретін мектептің 4"Ә" сыныбында Үлкенге құрмет, кішіге ізет атты сынып сағаты өтті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » N196 жалпы білім беретін мектептің 4"Ә" сыныбында Үлкенге құрмет, кішіге ізет атты сынып сағаты өтті.
23
ноябрь
2021

N196 жалпы білім беретін мектептің 4"Ә" сыныбында Үлкенге құрмет, кішіге ізет атты сынып сағаты өтті.

23.11.2021 жыл .Алматы қаласы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 4"Ә" сыныбында 
Үлкенге құрмет, кішіге ізет атты сынып сағаты өтті. Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру, сыйластықта  қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту, үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу мақсатында өткен  сынып сағатына оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйретуден басталды.
 Өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру,
-жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту,
 жақсылыққа, имандылыққа, адамгершілікке,шыншылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу және  балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамытуға арналған сынып сағатына оқушылар белсене қатысты. Олар сыйластық, құрмет көрсету  туралы сұрақтарға жауап беріп, ойындарға қатысып , мақал -мәтелдер айтып, сөзжұмбақтар шешті.
Сынып жетекшісі Акназарова Н.Б.

                https://web.facebook.com/100025697012822/videos/470326561176425/