23
ноябрь
2021
"Отбасындағы қыздар мен ұлдардың міндеттері" атты онлайн форматта сынып сағаты өтті.
23.11.2021 жылы Алматы қаласы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің
4"А" сыныбында
Ел жастары бағдарламасы бойынша. "Отбасындағы қыздар мен ұлдардың міндеттері" атты онлайн форматта сынып сағаты өтті. Ер балалар мен қыздар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы енебек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу мақсатында өткен сынып сағатында Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру; ер балалардың азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, ұлдар мен қыздардың зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, жауынгер, әншi, күйшi, аңшы, құсбегi — бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат еткен. Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi, iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар сiңiрген. Қыздарды адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеген.
Сынып жетекшісі Ельшибекова Г.Е.