"Достықты бұзатын жеті қателік" атты мектеп психологының ұйымдастыруымен тренинг өтті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Достықты бұзатын жеті қателік" атты мектеп психологының ұйымдастыруымен тренинг өтті.
19
ноябрь
2021

"Достықты бұзатын жеті қателік" атты мектеп психологының ұйымдастыруымен тренинг өтті.

19.11.2021жылы Алматы қаласы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектепте 5 сынып оқушылары арасында "Достықты бұзатын жеті қателік" атты мектеп психологының ұйымдастыруымен тренинг өтті.Ұжымды біріктіру, оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту, эмоциялық көңіл-күйді белсендіру және  сыныптың ұйымшылдығы мен тұтастығын реттеу мақсатында  педагог-психолог С.Ж.Орманова 5  сынып оқушыларымен  тренинг ұйымдастырды. 
   Мектеп психологы С.Ж.Орманова оқушыларға дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі-достық екенін түсіндірді және дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ досты неге іздейтінімізді сұрады. Мектеп психологы С.Ж.Орманова оқушыларға жан дүниеміздегі сырымызды, мұң-шерімізді тарқатып, қуанышымызбен қайғымызды бөлісетін дос екенін түсіндірді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба алатындары туралы айтылды. 
     Тренинг барысында, оқушылардың эмоциялық көңіл-күйін белсендіру, стресстік жағдайлардан арылу, өмірге құштарлығын ояту, эмоциялық күйді баланста ұстау, өмірдің құндылықтарын бағалау бойынша жаттығулар жасады. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген жеке пікірлерін ортаға салды. Кері байланыс орнатылды. Оқушылар белсенді қатысып, тренинг қызықты өтті.