Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған әңгіме-кеңес. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған әңгіме-кеңес.
23
октябрь
2021

Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған әңгіме-кеңес.

Апта тынысы.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру  тәрбие жұмысының басым бағыттарының бірі. Осыған орай,  2021 жылдың 20 қазан күні  оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында  9  сынып оқушыларымен  мектеп медбике Г.Н.Аширова, педагог-психолог С.Ж.Орманова әңгіме-кеңес ұйымдастырды. 
      Медбике Г.Н.Аширова «Есірткінің қауіпті жолдары» атты тақырыбында дәріс өткізді.   Г.Н.Аширова оқушыларға есірткіге тәуелді болмау жолдарын айтып, түрлерімен таныстырды. Адам ағзасына тигізер теріс әсерлері туралы айтты.
    Мектеп психологы С.Ж.Орманова «Жеткіншектердің есірткі мәселесі бойынша ақпараттылық деңгейін жоғарлату, психикалық белсенді заттарды қолдануға қарсы дағдыларын дамыту» мақсатында оқушылармен тренинг өткізді.
     Мектеп психологы С.Ж.Орманова бүгінгі күнде елімізде  қауіпті нашақорлықпен айналысатындар саны өсіп жатқандығы және жастардың зиянды әрекеттерге берілуі ешкімге құпия еместігін айтып, осының салдарынан жастар арасында адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алудың басты себебі болып табылатынын тілге тиек етті. Адамдар арасындағы  адасудың үлкен жолы зиян әдеттерді қолдану болып табылатындығын айтып өтті.  
 Ұйымдастырған: мектеп мед.бикесі Г.Н.Аширова педагог-психолог С.Ж.Орманова