30
ноябрь
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу аясында 1 Желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне орай сынып сағаттары өтті.
30.11.2021 жылы
Алматы қаласы Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 1-9 сыныптар арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толу аясында 1 Желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне орай сынып сағаттары өтті.Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру, Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру, ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу мақсатында өткен сынып сағатында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры бола білген ұлтжанды азамат екенін жас ұрпақтың бойына сіңіру болды. Иә ,Елбасы – халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер екені анық.Сонымен қатар, ауданымыздың №178 мамандандырылған лицейдің жанынан құрылған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент мұражайына 7"Ә "сынып оқушылары барып тамашалап келді. Мұражайға бару жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, қоғамдық-саяси қызметті және әлемдік деңгейдегі ірі саясаткер Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Жауапты сынып жетекшілер
Молбаева Э.
Кулагулова Б.Н.
Сайдуллаева С.Г.
Желеуова Р.М.
