N196 жалпы білім беретін мектептің педагогикалық ұжымының қатысуымен онлайн форматта кезекті педагогикалық кеңес өтті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » N196 жалпы білім беретін мектептің педагогикалық ұжымының қатысуымен онлайн форматта кезекті педагогикалық кеңес өтті.
15
январь
2022

N196 жалпы білім беретін мектептің педагогикалық ұжымының қатысуымен онлайн форматта кезекті педагогикалық кеңес өтті.

15.01.2022ж.Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің педагогикалық ұжымының қатысуымен онлайн форматта  кезекті педагогикалық кеңес  өтті.
 Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
 1.Елімізде  короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шараларды ұйымдастыру туралы;
2. Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 13.01.2022 жылғы №1 қаулысы негізінде Алматы қаласының мектептері қашықтықтан оқыту форматына көшуіне орай, педагогтардың сабақ беруге дайындық жұмыстары  туралы;
3. Сынып жетекшілер оқушылардың қашықтықтан оқыту форматы барысында сабаққа қатысуын қадағалауы;
4.ІІ тоқсан қорытындысы бойынша үлгерім есебі туралы; ДОІЖО 
Шаменова А.Б.
5.І жарты жылдық бойынша оқу -тәрбие жұмысының қорытындысы туралы; 
ДОІЖО Молдахмет Г.Н. 
ДТІЖО Джанузакова Қ.Р.
Онлайн жиналысты мектеп директоры
Буркитбаева Гулмира Жолдасбаевна ашып, ұстаздарға ІІІ тоқсанды  оқушылар сабақты қашықтық форматында  бастайтынын айтып, олардың білім алуына  отбасында жағдай  жасалғандығын анықтау,оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, білім беру платформасын таңдау жұмыстарын ұйымдастыру керек екенін айтты.Келесі сөз кезегін алған ДОІЖО 
Шаменова А.Б. ІІ тоқсан қорытындысы бойынша үлгерім есебін баяндай келе, енді басталғалы тұрған тоқсанда қашықтықтан білім беру ұстаздар үшін аса жауапты іс екенін айтты.