Апта тынысы. 22.01.2022жыл.Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектепте жалпы ата -аналар жиналысы өтті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Апта тынысы. 22.01.2022жыл.Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектепте жалпы ата -аналар жиналысы өтті.
22
январь
2022

Апта тынысы. 22.01.2022жыл.Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектепте жалпы ата -аналар жиналысы өтті.

Апта тынысы. 22.01.2022жыл.Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектепте жалпы ата -аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп оқушыларының ата-аналары ZOOM платформасы арқылы қатысты. Күн тәртібінде:
1.Кundelik.kz жүйесіндегі  мұғалім, оқушы және ата –ананың арасындағы байланыс  2.Қашықтықтан  оқу барысында оқушылардың білім алудағы  қажеттіліктері  мен бала тәрбиесі  туралы 
3.Жалпыға бірдей міндетті  орта білім беру қорынан көмек көрсету  туралы болды.
Жиналыста кіріспе сөз сөйлеген мектеп директоры Г.Ж.Буркитбаева ата-аналарға қазіргі жағдайға байланысты оқушылар қашықтықтан білім алып жатқанын, бірақ дәстүрлі форматта білім алуға енді ауысатындарын түсіндіріп, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алуға құқығы бар отбасыларға қандай құжат жинауы керек екенін мектептің әлеуметтік педагогы Тугельбаева Айнакул  толық  түсіндіретінін айтты. Бірінші мәселе бойынша сөз алған директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Шаменова  онлайн форматта білім алу кезінде жүргізіліп отырған Кundelik.kz жүйесіндегі қозғалыс туралы айтып берді. 
Екінші кезекте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Р.  Джанузакова  сөз алып оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін онлайн форматта  жасалып жатқан тәрбие жұмыстарын көрсетті. 
Үшінші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогы Тугельбаева Айнакул  мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттарының жалпыға бірдей оқу қорынан көмек алуға құқығы бар екенін және осыған қандай құжаттар рәсімдеу керек екенін бейнероликтер арқылы, слайдттар арқылы толық түсіндірді. Ата -аналар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып,  әлеуметтік педагог Тугельбаева Айнакулден толық жауап алып, осы мәселе бойынша ары қарай бірлесіп жұмыс істейтіндерін білдірді.