Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектепте "Мәдени мұра" атты қолөнер байқауы өтті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектепте "Мәдени мұра" атты қолөнер байқауы өтті.
19
февраль
2022

Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектепте "Мәдени мұра" атты қолөнер байқауы өтті.

19.02.2020 жыл. Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 5-6 сынып оқушылары арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында "Мәдени мұра" атты қолөнер байқауы өтті. Байқаудың мақсаты қазақ халқының  қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.Қолөнер – халқымыздың қасиеттімен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан мұрасы.Оқушылар қолөнер байқауына қатысу үшін өздері жасаған жұмыстарын көрсетіп , таныстыру үшін  қазылар алқасына алып келді. Қазылар алқасы көркем еңбек пәнінің мұғалімі А.И. Айты және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Р.Джанузакованың қолөнер жұмысын бағалауы бойынша  қатысушыларға төмендегідей жүлделі орындар тағайындады:
І орын -  6"А"сынып оқушысы Нұрғалық Айқын
ІІ орын- 5"Б"сынып оқушысы Шимаров Нурдин 
ІІІ орын- 5"А"сынып оқушысы Ахмет Әділ
ІІІ орын-5 "Б" сынып оқушысы Костина  Екатерина 
Жүлделі орын алған оқушылар мектеп директоры Г.Ж.Буркитбаеваның мақтау қағаздарымен марапатталды. 6"А"сынып оқушысы  Нұрғалық Айқын аудандық қолөнер байқауына қатысуға жолдама алды.