"8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні" » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні"
07
март
2022

"8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні"

07.03.2022 жыл.
Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 1"Д",2"Д", 2"В" сынып оқушылары "8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне арнап өз қолдарымен  көркемдеп құттықтау қағаздарын жасады.Бұл  қолөнер жұмысы- кішкентай бүлдіршіндердің аналарына , ұстаздарына деген құрметі, баға жетпес сыйлығы.Осындай еңбек  арқылы олар өздеріне білім мен тәрбие берген және махаббат пен жылулық берген жүректеріне ең жақын  адамдарға ыстық ықыласын білдіргені.
Сонымен қатар, анасына деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету, оқушы бойында ізгілік,биязылық сияқты  жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу қолөнер жұмысы арқылы іске асырылды.Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер жазып  оқушылар құттықтау қағазын  ұстаздарына көрсетті.
Ұйымдастырушылар: сынып жетекшілер
Бейсембинова Г.Р.
Джамалова М.Р.