№196 ЖББМ «...Поэзия, менімен егіз бе едің ?» атты кітап көрмесі өтті. » №196 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№196 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 393-60-57
Есепші бөлімі:
+7(727) 393-55-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №196 ЖББМ «...Поэзия, менімен егіз бе едің ?» атты кітап көрмесі өтті.
05
март
2022

№196 ЖББМ «...Поэзия, менімен егіз бе едің ?» атты кітап көрмесі өтті.

05.03.2022 ж
Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің кітапханасында 5 сынып оқушыларымен М.Мақатаевтың  «...Поэзия, менімен  егіз  бе едің ?» атты кітап көрмесі өтті. 
Мақсаты: Жыр дүлдүлі аса дарынды  ақын М.Мақатаетың өмірі мен шығармашылығы жөнінде түсінік беру, оқырманның өлеңге ынтасын арттыру,сөз өнерінің қыр сырымен таныстыру.Оқырманды кітапханаға тарту.
 Оқушыларға ақынның шығармашылығы жөнінде қысқаша мағлұмат айтылды. Жыр  дүлдүлі  аса  дарынды  ақын  М.Мақатаев  поэзия  көгінен  құйрықты жұлдыздай  ағып  түскенімен , оның өлең - жырларының жарық сәулесі уақыт керуені алға жылжыған сайын жарқырай бермек. Ақынның жан дүниесі , бар жаратылысы  өлеңмен  өріліп, жырдан жаралғандай.
Кітапхана сағатына төмендегі кітаптар пайдаланылды:
1."Үш бақытым" -  Атамұра  баспасы  М.Мақатаев
2."Жазылар естеліктер мен туралы..." Ә.Құтпанбаев
3.«Тарихи тұлғалар» -  Алматы кітап баспасы
4.Мұқағали басылымдары, брошуралар
Барлығы - 24 кітап , кітапшалар  пайдаланылды.
Ақынмын деп мен қалай айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен киіп өзіне қайтармын-деп айтқандай ақынның өлеңдерін оқырмандар сүйсініп оқыды.Сонымен қатар,
 балалар Мұқағали  өлеңдерін оқып, өлеңдері  арқылы  тәрбие, өнеге алды. Оқушы  қауым  көрмедегі  кітаптарды, журналдарды, брошураларды өздерімен   оқуға алып кетті.
 Ұйымдастырушы:           Кітапханашы                                   Бейсебекова М.С.