03
март
2022
"8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні"
03.03.2022 жыл.
Алатау ауданы N196 жалпы білім беретін мектептің 6"А" сынып оқушылары "8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай өткен сынып сағатында аналары мен ұстаздарына құттықтау тілектерін, өлең-жырларын арнады.
Бұл күні барша халық аналарын, апа-әжелерін, қарындастарын, әпке-сіңілілерін жалпы барлық әйелдер қауымын құттықтайды.
Жақсылықтың нышанындай,жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін, имандылық пен қыздардың мінезіндей ибалылық себетін көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі -осы 8 наурыз мерекесі.Осы мерекені оқушылар да зор қуанышпен қарсы алып, өнерлерін ортаға салып, ұстаздарының алғысына бөлінеді.
https://web.facebook.com/100025697012822/videos/982108059403754/