02
февраль
2022
Әрбір адамның өмірі мағыналы, мазмұнды өтуі адамның өзіне байланысты және өз қолдарында екенін түсіндірді.
02.03.2022 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Н. Молдахмет, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Р Джанузакова, мектеп психологы С.Ж.Орманова, әлеуметтік педагог А.К. Тугельбаева, мектеп медбикесі Г.Н.Аширова 7-9 сынып оқушыларына 2021-2022 оқу жылындағы оқу барысы, оқушылардың тәртібі туралы,сабаққа қатысуы мен тазалығы туралы, сонымен қатар, оқушылардың психологиялық ахуалына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Н. Молдахмет оқу барысындағы оқушылардың жіберген олқылықтары және түсінбеген сұрақтары болса пән мұғалімдеріне ескертетінін, олар кең көлемде түсіндіретінін айтып өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Р Джанузакова көктем мезгілінде оқушылардың сабаққа қатысуы төмендеп кетпеуі керек екенін яғни, көшеде сабақ кезінде жүруге болмайтынын, кешкі уақытта ата-ананың қарауынсыз шығуға тыйым салынғаны туралы, мектепте өтіп жатқан іс-шараларда белсенділік таныту керек екенін түсіндірді . Психологиялық ағартушылық және түзету-дамыту бағыты бойынша өз көңіл-күйін игере білуге, басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге және тәрбиелеуге кеңес берген мектеп психологы С.Ж. Орманова егер оқушы қиын жағдайға тап болып жатса мектеп әкімшілігі мен бірлесе отырып шешетінін айтты Сонымен қатар, мектеп психологы С.Ж. Орманова адамның қарым-қатынасы оның көңіл- күйіне байланысты екенін айтып өтті. Көңіл-күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы, адамның айнасы екенін тілге тиек етті. Қарым-қатынас жасау арқылы адамдар мәлімет алып, жан дүниесі кеңейіп, білімі тереңдейтіні туралы айтылды.
Әрбір адамның өмірі мағыналы, мазмұнды өтуі адамның өзіне байланысты және өз қолдарында екенін түсіндірді.
